Еліміздің өңірлерінде бензин мен дизель бағасы қандай болмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі бензин мен дизель отынын сатуға уақытша 180 күнге бағаны мемлекеттік реттеу енгізді. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен бензиннің қосымша құн салығын есепке ала отырып бөлшек саудасына келесідей шекті бағалар белгіленді:

АИ-80 маркалы – литріне 89 теңге;

АИ-92 маркалы – литріне 182 теңге;

АИ-93 маркалы – литріне 182 теңге;

АИ-95 маркалы – литріне 215 теңге.

Ал дизель отынының (жазғы, маусымаралық) ҚҚС ескере отырып, бөлшек саудасына шекті бағалар өңірге байланысты белгіленді. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дизель бағасы литріне 260 теңге болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында диззель отыны литріне 230 теңге болып бектілді.


Соңғы жаңалықтар