Еліміздің мұнай өнімдері зауыттары отандық мұнаймен қамтамасыз етілудің техникалық мүмкіндігіне ие болды

None
None
күйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеңқияқ-Құмкөл құбырын іске қосу арқылы еліміздің мұнай өнімдері зауыттары отандық мұнаймен қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«2008 жылы ішкі нарыққа 12,3 млн. тонна мұнай жеткізілді. Соның  6,6 млн. тоннасы Ресейден импортталды. Оның негізгі бөлігі Павлодардың мұнай өңдеу зауытына тиесілі», деді министр.

Қазақстандық құбыр жүйесінің инфрақұрылымы осындай екенін ескеріп өткен С. Мыңбаев «Кеңқияқ-Құмкөл құбырын іске қосу арқылы біздің еліміз мұнай өңдеу зауыттарын отандық мұнаймен 100 пайыз қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігіне ие болды», деді.

Министр осы орайда еліміз ресейлік мұнайдан да бас тартпайтынын  айтып өтті. «Сондай-ақ кедендік одақтың қалыптасуынан біздің экономикаларымыздағы өзара байланыстарды байқайтын боламыз. Соның ішінде энергетика саласы да бар», деді министр.

Соңғы жаңалықтар