Еліміздің құқық қорғау органдары қанша адамды іздестіруде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2016 жылдан бері елімізден 518 іздеудегі адам басқа елдерге берілді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы тиісті шарттар негізінде 2016 жылдан бастап 2021 жылдың 1 тоқсаны аралығында елімізден 518 іздеудегі адам басқа елдерге берілді. Тиісінше елімізге іздеуде жүрген 346 адам қайтарылды. Биылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша еліміздің құқық қорғау органдарымен іздестіруде 2 341 адам бар, оның ішінде мемлекетаралық іздестіруде - 750, халықаралық іздестіруде – 1 591 адам», - деді сенатор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» , сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасының арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңдары қабылданды.

2019 жылы Солтүстік Македониямен шарттардың толық пакетіне қол қойылды.


Соңғы жаңалықтар