Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді көздейтін құжат Мәжілісте қаралатын болды

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. Бүгін Сенат депутаттары аталған заң жобасын талқылай келе, осындай шешім қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасының мақсаты - қоғамдық бақылауды күшейту мен жеке кәсіпкерлік субъектілерін заңды құрметтеуге ынталандыру арқылы мемлекеттік реттеуді жетілдіру және жеке кәсіпкерлікке деген әкімшілік кедергілерді төмендету. Құжатта сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарына жүргізілетін тексерулерді оңтайландыруға бағытталған жаңа бастамалар бар. Заң күшіне енсе, еліміздің 72 заңнамалық актісіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар