Еліміздің қай өңірлерінде кәсіпкерлер саны көп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қай өңірлерде шағын және орта бизнес үлесі көбірек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары қазақстандық шағын және орта бизнес құрылымында ілгері тұр. Оларға жалпы өңірлік өнім көлемінің үштен бірі, сондай-ақ ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың үштен бірі тиесілі», - деді министр Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, 2019 жылы жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесі 31,7 пайызды құрады. 2015 жылы аталған көрсеткіш 24,9 пайыз болды. Шағын және орта бизнесті өсімі экономикада оңтайлы өзгерістердің көрсеткішін қалыптастырады.

«Біздің мақсат – 2025 жылғ қарай жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 35 пайызға дейін, 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізу. Бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді. Бизнесте жұмыспен қамтылғандар жыл сайын артып келеді. Қазіргі кезде олардың саны 3,5 млн адамға жетті», - деді Руслан Дәленов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қазандағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес саны 1 млн 300 мыңнан асып түсті.

Сенат Төрағасы пандемиядан кем дегенде 800 мың отандық кәсіпкер зардап шеккенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар