Еліміздің қаржы жүйесіндегі өте күрделі мәселелер шешілді - Елбасы

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің қаржы жүйесіндегі өте күрделі мәселелер шешілді. Бұл туралы бүгін  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дағдарысқа қарамастан Қазақстан алға жылжуда. Біз бастапқыдан дұрыс жолды таңдадық», деді Мемлекет басшысы. Жаһандық дағдарыс экономикада жүргізіп жатқан саясатты, қаржы саласында бағалауды және жаңа перспективаларды белгілеуде мүмкіндік бергенін айтып өткен Елбасы, «Біз Қазақстан экономикасын қазіргі қалыптасып отырған ахуалдан бұдан әрі қарай даму жолына шығаруға нығыз сеніммен қарап отырмыз. Бүгінде біз дағдарысты еңсеру бағдарламасының нақты нәтижелерін байқаудамыз», деді.

Қазақстанның қаржы саласы толығымен тұрақтандырылғанына тоқталған Президент, «Альянс банк» және  «БТА» банкке қатысты Лондондағы инвесторлармен келіссөздер аяқталғанын жеткізді. «Осыған байланысты еліміздің қаржы жүйесі бойынша өте күрделі мәселелерді шештік. Яғни, біз қаржы жүйесін толығымен тұрақтандыру жолына шығып отырмыз», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар