Еліміздің халықаралық резервтері 71 млрд. АҚШ долларынан асты

None
None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша, еліміздің халықаралық резервтері 71 млрд. АҚШ долларынан асты.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Бүгінде елдің халықаралық резервтері 71 млрд. АҚШ долларынан асады. Оның ішінде ұлттық қордың активтері 36,9 млрд. АҚШ долларын және алтын-валюта активтері 34,7 млрд. АҚШ долларын құрады»,-деп атап өтті ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар