Еліміздің электрондық үкіметті дамыту рейтингі өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан электрондық үкіметті дамытуда алдыңғы қатарлы елдер тізіміне енді. Бұл туралы Ұлттық бюроның осы жылдың 8 айлық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мақсатында мемлекеттік органдардың деректер қорын ықпалдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Ильдар Үйсімбаев.

Үкіметпен бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде «электрондық үкімет» порталымен ықпалдастық 18%-ға артты, өз кезегінде өткен 10 жылда ол тек 12%-ды құраған.null 

Қазіргі уақытта 452 қызмет азаматтарға электрондық нысанды қолжетімді, бұл тізілімдегі қызметтердің жалпы санының 60,6%-ын құрайды. 2018 жылы ұсынылған 60,5 млн қызметтің 55%-ы «электрондық үкімет» порталы арқылы, 23%-ы мемлекеттік корпорация арқылы, 22% қағаз түрінде көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа жедел көшіру бойынша белсенді жұмысты айта кеткен жөн. Бұл осы саладағы тұрмыстық жемқорлықтың деңгейін 75%-ға дейін азайтты. 2018 жылғы БҰҰ рейтингіне сәйкес Қазақстан электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN GlobalE-Government Development Index) 193 мемлекет ішінде 39-шы орынды иеленді, ал Азия елдері арасында 8-ші орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш өз кезегінде еліміздің электрондық үкіметке көшу деңгейі мен қызмет көрсету сапасының артқандығын көрсетеді», - деді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры.

Соңғы жаңалықтар