Еліміздің екі облысында қар көшкіні жүруі ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында қардың толассыз жаууы мен қар жамылғысының қалыңдауына байланысты қар көшкіні болады деп күтілуде. Осыған орай, ҚР ІІМ ТЖК таудың қар жамылғысы қалың, тік беткейлеріне бармау туралы ескерту жариялады.

24 желтоқсан күні сағат 08:00-ден кейін қардың қалың түсуі мен Кіші Алматы өзенінің алабындағы қар деңгейінің 20 см-ге жетуіне байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. «Медеу-Шымбұлақ» тас жолы жабық. Шымбұлақ тау шаңғы курортына техникалық тас жол арқылы баруға болады. 

Соңғы жаңалықтар