Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының көпшілігінде метеорологиялық жағдай жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкентте ауа сапасы жағымды болады.  

Ал Ақтөбе мен Орал қалаларында метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар