Еліміздің бүкіл өңірінде референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 және 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 12 референдум учаскесінде жұмыс аяқталып, комиссия мүшелері дауыс санауға кіріскен болатын.

Ал дәл қазір сағат 21.00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 858 учаскеде өңір тұрғындары дауыс беріп болды.

Сонымен қатар шет елдердегі 5 учаске де жұмысын тоқтатты. Оның барлығында комиссия мүшелері дауыс санауға кірісті.

Қазіргі уақытта шет елдердегі 48 учаскеде ғана дауыс беру жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді. Бұл - дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 пайызын құрайды.


Соңғы жаңалықтар