+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылғы 18 тамыз 17:26
Бөлісіңіз:
Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жел күшейеді Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн бұзылады Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК-нің болжамына қарағанда, 19-21 тамызда Ақмола облысында күн күркірейді. 19 тамызда күндіз, 20-21 тамызда тәулік бойы бұршақ жауып, солтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұруы мүмкін. Кей жерлерде 20-21 тамызда түнде және таңертең тұман түседі.

Көкшетауда 19 тамызда таңертең және күндіз күн күркірейді. Ықтималдық – 85-90%.

19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Кей жерлерде түнде және таңғы уақытта тұман түседі.

Петропавлда 19 тамыздың түнінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Ықтималдық – 90-95%.

19 тамыз күні Атырау облысында 35-39 градус ыстық болады деп күтілуде. Бұл күні Атырау қаласында 36 градус ыстық болады деген болжам бар. Ықтималдық – 85-90%.

19 тамыз күні Батыс Қазақстан облысында 31-36 градус ыстық болады деп күтілуде.

Оралда 19 тамыз күні 34-36 градус ыстық болады. Ықтималдық – 90-95%.

19 тамызда күндіз Қостанай облысында күн күркіреп, 35 градус ыстық болады. Ықтималдық – 90-95%.

Ал Қызылорда облысында 19-21 тамызда шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT