+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 17 мамыр 16:46
Бөлісіңіз:
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына қатысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді

18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

18 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты нөмер жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 18 мамырда таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан қаласында 18 мамырда күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан соғатын екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

18 мамыр күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл, шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

18 мамырда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтау қаласында 18 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

18 мамырда күндіз Семейде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Қостанайда 18 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT