Еліміздің бірнеше өңірі бойынша су тасқыны қаупі ескертілді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК (Гидрология департаменті) 11 наурыздағы деректер бойынша ескерту жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

12-14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағын қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің жоғарылауы ықтимал.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, беткейлік ағын қалыптасуы, мұз жібуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Судың жайылуы және тасқыны болуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар