Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі мектептерде сабақ өткізілмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қатты аязға байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 ақпанда бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. Өңірде температура минус 35, жел 3 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы таратқан ақпарат бойынша, 7 ақпанда өңірдегі бірқатар қала мен ауданда сабақ өткізілмейді.
Өскемен қаласы (температура -33) 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды
Семей қаласы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Бородулиха ауданы (-35) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстары оқымайды.
Шемонаиха ауданы (-35) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курстарына сабақтар болмайды
Аягөз ауданы (-31) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақ өткізілмейді.
Алтай ауданы (-29) 1 ауысымдағы 1-4 сынып аралығында сабақ болмайды
Күршім ауданы (-22 жел 6м/с) 1 ауысым, 1-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Ақмола облысында 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Өңірде 37-42 градус қатты аяз.

Қостанай қаласы білім бөлімінің мәліметінше, бүгін 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Сондай-ақ білім беру мекемелерінің әкімшілігі шешіміне сәйкес колледждердің 1-2 курс студенттері де оқымауы мүмкін. Қазір қалада минус 31 градус аяз, оңтүстіктен жылдамдығы секундына 3-5 метр жел соғып тұр.

Солтүстік Қазақстан облысында оқушылар үшінші күн қатарынан демалып жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 ақпанда 0-11 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. Өңірде термометр бағаны минус 36 градусты көрсетіп тұр.

Еске сала кетсек, Астана қалалық білім басқармасы ауа райының колайсыздығына байланысты бүгін қаладағы мектептерде бірінші ауысымдағы 0-12 сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтындығын ескертті.

Соңғы жаңалықтар