Еліміздің бірқатар өңірлерінде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Көкшетау өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, көктайғақ сақталады.

Дәл осы күн елордада тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

4 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік- шығыстан, шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ертең Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ күтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда тұман түсіп, бұрқасын соғатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар