Еліміздің бірқатар өңірлерінде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат­ - Республиканың бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

15-17 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

15 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі және көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

15 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерелріне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Сондай-ақ, ертең Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90 %.

Соңғы жаңалықтар