Еліміздің бірқатар өңіріндегі жолдар жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қоалйсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық жолдарда автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы

Сағат 16.00 ауа райына (қар, жел, көктайғақ) байланысты «Жезқазған-Петропавл» (377-595 км, Қостанай, СҚО облыстары шекарасында), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 км, Костанайской облысының шекарасы-Сұрған кенті), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 км, Жақсы кенті-Бұзылық кенті), «Екатеринбор-Алматы» (856-1141 км, СҚО-Новочеркас ауылы), «Нұр-Сұлтан – Петропавл» (18-231 км Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы), «Петропавл-Нұр-Сұлтан» (Петропавл қаласы- Ақмола облысының шекарасы) жолында көліктің барлық тұрінің жүрісіне шектеу қойылды.

Қостанай облысы

Сағат 17.00 «Екатеринбор-Алматы» (555-729 км, Қостанай қаласы-СҚО шекара), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (7-232 км, Қостанай қаласы-Ақмола облысы) жолында барлық көлік түрінің жүрісі шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сағат 17.00 «Екатеринбор-Алматы» (729-856 км, Қостанай облысы- Ақмола облысы шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (595-701 км, Новоишимский ауылы-Ақмола облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды ,

Шығыс Қазақстан облысы

Сағат 18.00 жаңбыр аралас қар жауып тұрғандықтан «Өскемен-Риддер–Ресей шекарасы» (15-105 км, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы), «Өскемен-Алтай–Катонқарағай-Рахманов қайнары» (6-166 км., Ушановский ауылы-Алтай қаласы», «Өскемен-Шемонайха-Ресей шекарасы» (15-102 км, Глубокое кенті-Шемонаиха қаласы) жолында қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

Қарағанды

Қарағанды облысының Жергілікті полиция қызметінің бастамасымен көк тайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан-Теміртау автожолының 1353-1425 шақырымы бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар