Еліміздің бірқатар өңірінде жол ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының жақсаруына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, «Самара - Шымкент» автожолының Жосалы ауылынан Таң елдімекеніне дейінгі 1645-1702 шақырымында көліктің жүруіне рұқсат берілді. Сондай-ақ, «Екатеринбург - Алматы» тасжолының Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі 856-917 шақырымында, сонымен қатар осы автожолдың Чистополье елдімекенінен бастап Ақмола облысының шекарасына дейінгі 853-856 шақырымында жол ашылды.
Дегенмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда - Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы (Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) мен Қарағанды облысының шекарасынан Бозшакөл елдімекеніне дейінгі 1135-1242 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 701 техника жұмыс істеп жатыр.
Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.
- Өскеменде 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты
- Көлігі жыраға құлаған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетілді – ШҚО
- Елорда әуежайы мүгедектігі байқала бермейтін жолаушыларға қызмет көрсетеді
- Қазақстанда авиация саласында электронды құжатқа көшу үшін жаңа жүйе енгізіліп жатыр
-
Boeing 737 Max ұшақтары қайтадан ұша бастайды
-
Алматы облысында ауа райына байланысты жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам