Еліміздің бірқатар өңірінде күн бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

15 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

15 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Осы күні Өскемен қаласында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында да найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - 15-20 м/с.

15 маусым күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады.

14 маусымда күннің екінші жартысында, 15 маусымда кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс бағытына ауысады. Жел екпіні - 15-20, 15 маусымда - 23 м/с болады.

15 маусым таңертең және күндіз Шымкент қаласында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Осы күні Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жер қарқыны - 15-20 м/с.

15 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с.

Соңғы жаңалықтар