Еліміздің бірқатар өңірінде қалың тұманға байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірлерін қалың тұман басты. Осыған байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады. Көкшетау қаласында да тұман сақталады.

Сонымен бірге, 11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына тұман түседі.

11-13 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

11 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

11 желтоқсанда Ақтөбе облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстік шығысыңда жауын-шашын түседі, көктайғақ болуы ықтимал.

Сол күні Ақтөбе қаласында тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар