Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ал 14 қаңтарда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, қатты жел соғады деп болжанады.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Соңғы жаңалықтар