+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

2020 жылғы 6 сәуір 14:46
Бөлісіңіз:
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі, 7 сәуірде түнде оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 8 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м / с, күндіз 15-20 м /с.

7 сәуірде Қарағанды облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан артық, 8 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с.

7 сәуірде Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да көп, 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с.

7 сәуірде түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 7, тәулік 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да асып кетуі мүмкін.

7 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, желдің күші 23-28

м/с күшейеді.

7 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басады. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

8 сәуірде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Түнде ауа температурасының 0-8 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа-райының өзгеруіне, дауылды ескерту хабарына назар аударып, қажетті сақтық шараларын жасауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT