+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 13 желтоқсан 17:35
Бөлісіңіз:
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан 117 адамды құтқарды Бұрқасынға байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын трассалардың барлығы жабылды Ақтөбеде – боран: жолдар жабық

14 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с.

14 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 14-16 желтоқсанда кей жерлерде тұман түседі.

14 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдаимдығы 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында 14 желтоқсанда кей уақытта тұман, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Ал Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі, түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT