Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27-28 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 маусым күні Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі.

27 маусым күні кешке, 28 маусым тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

28 маусым күні Шымкент қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с деп күтіледі.

28 маусым күні Түркістан қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

28 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-шығыс бағытына ауысып кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

28 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шығыстан жел соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар