Еліміздің бірқатар өңірінде аса қауіпті қылмыскерлер ұсталды- ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде аса қауіпті қылмыскерлер ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Мәскеу облысы аумағында адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған Ресей Федерациясының азаматын ұстады»,  - деді ол.

Сонымен қатар, оның дерегінше Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері 17 мамырда жәбірленушінің пәтеріне қарақшылық шабуыл жасап, ірі көлемде ақша қаражаты мен алтын бұйымдарды алып кеткен Алматы облысының тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.

«Атырау облысында криминалдық полиция қызметкерлері осы жылдың ақпан айында жанар-жағармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 2 адамды ұстады», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар