Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, болуы ықтимал.

Петропавл қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын боады, тұман түсуі де мүмкін.

Жақын арада, күн соңына дейін 20 қаңтар және тәулік бойы 21 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ сақталады. 21 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман түседі. Қостанай қаласы таңертең және күндіз 21 қантарда қар, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.






Соңғы жаңалықтар