Еліміздің бірқатар облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК аптап ыстыққа байланысты бірқатар облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 30-35° ыстық болады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

13 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, оның жылдамдығы кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с болады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.

13 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 13-15 шілде аралығында күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Шымкент қаласында 13-15 шілдеде күндіз 41⁰С қатты ыстық болуы мүмкін.

Түркістан қаласында 13-15 шілдеде күндіз 41-43⁰С аптап ыстық болады.

13-14 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық болады.

Ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Соңғы жаңалықтар