Еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығын жоғары бағалаймын - Гүлжанат Ерғазина

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина ең басты артықшылығымыз - елдегі тұрақтылық деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір қазақстандық секілді мен де тұрақтылықты, ертеңгі күнге деген сенімді, бейбітшілік пен еліміздің тыныштығын жоғары бағалаймын. Бұл - еліміздің артықшылығы. Қазақстанды әлемдік аренада таныстырудың қажеті жоқ. Бізді біледі, құрметтейді. Сондықтан бұрынғы жолды жалғастырып, сол бағытта дамуды бетке алған дұрыс. Бүгінгі ұлықтау рәсіміне Алматы қаласында білім алып жүрген ұлым қатысты. Ол Алатау аудандық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болып жұмыс істейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 маңызды тапсырма жүктеді. Соның бір бөлігі жас буынға бағытталған», - деді Гүлжанат Ерғазина.

Облыстық мәслихат депутатының айтуынша, жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін қала жастарына биыл 150 пәтер беру жобасы қолға алынды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында облыс жастарына биыл бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Сұраныс жоғары, ауылға қайта оралған жастар көп. Ал «Еңбек» бағдарламасы арқылы жастар тәжірибе жинауға бағытталды. Жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы 6 ай қалаған мекемесінде жұмыс істеп, 60 мың теңге жалақы ала алады. Мүмкіндігін ұтымды пайдаланған жастар тұрақты қызметке орналасып жатыр. Жастарға арналған гранттар да қарастырылған. Қайтарымсыз қаржы беріліп жатыр, осы жұмыс жалғасады. Яғни, Елбасы бастаған істің сабақтастығы елімізді дамуға жетелейді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар