Еліміздің бес облысында жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазақАвтоЖол» ЖШС-ның мәліметі бойынша, 16 қаңтар сағат 21:00-ден бастап жауын және көктайғаққа байланысты Алматы облысында республикалық маңызды Алматы-Шелек- Қорғас жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ Үшарал-Достық (83-184 км, с. Көктума - ст. Достық) бағыттарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Батыс Қазақстан облысында 16 қаңтар сағат 19:00-ден бастап көктайғаққа байланысты Өнеге - Бисен - Сайхин тас жолында (0-103 км, Онеге - Сайхин) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды. Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы жабылды.

Қарағанды облысында 16 қаңтар сағат 19: 30 -ден бастап көктайғаққа байланысты «Алматы - Екатеринбург» (637-489 км, Балқаш қаласы - Жамбыл облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Жамбыл облысында 16 қаңтар сағат 19: 35-тен бастап Қарағанды облысындағы көктайғаққа байланысты «Алматы - Екатеринбург» (343-490 км, Бурылбайтал - Қарағанды облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында 16 қаңтар сағат 21:00 -ден бастап көктайғаққа байланысты «Өскемен - Шемонаих- РФ шекарасы» (15-102 км, Глубокое - Шемонаих қаласы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар