Еліміздің бес облысында үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

12-13 қазанда түнде Батыс Қазақстан, Атырау, 13 қазанда түнде Маңғыстау, 13-14 қазанда түнде Қызылорда облыстарында ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

13 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында жауын шашын, таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жауын шашын, таулы аймақтарда жауын соңы қарға ұласады, тұман түсуі күтіледі. 13-15 қазанда түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар