Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 10 шілде күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы Астана мен Шымкент қалаларында күтіледі, ал Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларында сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар