Еліміздің батысында 38 градус ыстық болады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік антициклонның сілемі республиканың батыс жартысына әсер етеді, осылайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі шуақты ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

9-11 тамызда елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Осылайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел болуы мүмкін.

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С.


Соңғы жаңалықтар