Еліміздің батыс өңірлерінде жүргізушілерге жолға шықпауға кеңес берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің батыс өңірлерінде көктайғаққа байланысты көлік жүргізушілеріне жолға шығудан бас тартуға кеңес берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы «ҚазақАвтоЖол» ЖШС ескерту жариялады.

«Қолайсыз ауа-райына байланысты, жүргізушілерден жылдамдықты асырмауды, көліктер арасында қашықтықты сақтауды, оқыс маневр жасаудан аулақ болуын сұраймыз.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай жағдайларда жол учаскелерін жабуға мәжбүрміз, ал жолға шығып кеткен көліктер қиын жағдайға тап болуы ықтимал. Мұндайда оларға Төтенше жағдайлар қызметі жолшылар мен патрульдік полиция қызметкерлері бірге көмек көрсетеді», - делінген ескерту хабарламасында.

Айта кетерлігі, «Қазақавтодор» ЖШС филиалдары өз мүмкіндіктерінің шегінде республикалық маңызы бар жолдарда төтенше жағдайлардың алдын-алу күні-түні үшін жұмыс істеп жатыр.

«Көктайғақты жоюға, сондай-ақ қызмет көрсетілетін учаскелерде қар аршуға тәулік бойы қысқы қызмет көрсету жүзеге асырылуда. Құм-тұз қоспасы себіліп, қардан жолдарды тазалауда.

Жұмыстар ең алдымен қауіпті аумақтарда (биік, еңіс, бұрылыс, қиылыс аумақтар) жүргізіледі. Барлық қолда бар жол-техникалық қызмет көрсету көліктері мен жалға алынған техника да тартылды», - делінген хабарламада.

Мекеме жүргізушілерге жоғарыда айтылғандардың негізінде ахуалға түсіністікпен қарауды, ауа-райының нашарлауы салдарынан жолға шығуды кейінге қалдыруды, шыққан жағдайда мүмкіндігінше абай болуды сұрайды.

Жолдың сапасыз тазалануына қатысты Батыс өңірі жүргізушілеріне - 8 777 797 2940 (тәулік бойы) нөміріне қоңырау шалуға болады немесе видео, фотосуреттерін WhatsApp арқылы 8 777 797 2826 нөміріне жіберу керек.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты ақпарат алмасу үшін WhatsApp қосымшасында «Қазақавтожол» ЖШС диспетчерлік қызметінің +7 771 7444 777 нөмірі жұмыс жасайды.

Одан бөлек, ақпарат үшін қалалық телефоннан +7 7172  444 777 нөмірі бойынша алуға болады.

Жедел өзекті ақпаратты мына сілтеме бойынша республика бойынша қозғалысты шектеу картасынан көруге болады.

Еске сала кетсекғ бұған дейін Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты жолдардың жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар