Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым аумағында оңтүстіктен шығатын циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек батыс пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде республика бойынша тұман сақталады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұрқасын соғады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 18-23 м/с, Алакөл ауданында 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қызылорда облысында - кей жерлерде көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар