Еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет ел аумағында 21 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Түнде оңтүстікте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал еліміздің басым бөлігінде антициклон жырасының әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады.

Республика бойынша тұман сақталады, батыста, оңтүстік жартысында жел күшейеді, күндіз батыста – шаңды дауыл, елдің оңтүстігінде – найзағай күтіледі», - деп жазды ведомство.

Соңғы жаңалықтар