+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Еліміздің басты ғимараты - Ақорда туралы не білеміз

2018 жылғы 30 мамыр 09:30
Бөлісіңіз:
Еліміздің басты ғимараты - Ақорда туралы не білеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорда қазіргі Қазақстанның символы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның бет-бейнесі, айбыны да - Ақорда. Ендеше, елорданың 20 жылдығы қарсаңында оқырман қауымға еліміздің басты ғимараты туралы маңызды мәліметтермен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

Ақорда - дербес мемлекетіміздің басты нысаны ғана емес, сәулетшілердің көздегеніндей елорданың сол жағалауының басты композициясы. Ғимараттың негізгі құрылымын ойластыруда Қазақстан мен шетелдіктердің жетекші сәулетшілерінен құралған команда жұмыс жүргізген болатын.
nullnull

Бірегей нысанның құрылысына әлемнің 10 мемлекетінің сарапшылары атсалысты.
null

Ақордаға кіргендердің бәрін бірінші қабатта орналасқан Орталық мерекелік холл қарсы алады. Оның аумағы да таңдай қақтырарлық - холдың аумағы 1,8 мың шаршы метрге жетеді. Ақорданың бұл бөлігі Құрметті қарауылдың қатысуымен өтетін ресми қабылдауларға арналған. Холдың тура ортасында - таза шыныдан тұратын аспалы шамның үлкен күмбезі қойылған. Жалпы, нысанның ішінде 40 аспалы шам бар десек, оның ең бастысы тура ғимараттың ортасында орналастырылып, салтанатты қабылдауларды аса жарқын форматта өткізуде нысанға асқан ерекшелік пен көрік беріп тұрады. Сәулетшілер ойластырғандай, негізгі аспалы люстра бірінші қабаттың төбесінен ғана емес, үлкен саңылау арқылы екінші қабаттан да төгіле көрініп, холдың жарығына қосымша реңк береді. Негізгі аспалы люстраның үлкендігі соншалық, жергілікті персоналдың мойындауынша, электриктер шамын ауыстырар кезде люстраның ішіне еніп, көрінбей кетеді екен.
null

null

Холдың қабырғалары көптеген мәрмәрлі бағаналардың артындағы шаңырақтармен безендірілген.
null

Ақорданың бірінші қабатында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдауларды жүргізуге арналған Салтанатты зал, Мемлекет басшысы мен БАҚ өкілдерінің кездесуі мен баспасөз мәслихатына арналған зал, сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан.

Салтанатты залдың атауы да тегін емес: бөлменің жабдығы, көнедегі залдардың стилінде жасалуы мұнда өтетін шараларға ерекше көркемдікті сыйлайды. Залдың периметрі бойынша қабырғаларға орнатылған шиыршық тәрізді бағандар бар. Бөлменің өзі қабырғаларға ілінген бралармен және хрустальды люстралармен жарқын жарықтандырылған. Салтанатты залда өтетін қабылдауларда музыка ойнап тұрады. Жанды музыка үшін дәл мұнда оркестр ложасы мен рояль орналастырылған. Ұлттық нақыштағы мәрмәрлі еден еріксіз көз тартады. Мәрмәрлі президиумның артында, сондай-ақ залдың алыс бұрыштарында ұлттық аспаптардың макеті тұр.
nullnullnull

Ақордада өтетін шаралар туралы мәлімет беру мүмкіндігіне тілшілердің екінің бірі қол жете бермейді. Осы ретте баспасөзбен кездесуге арналған арнайы орын туралы айта кеткен жөн. Баспасөз мәслихаты және Мемлекет басшысымен кездесу өтетін залда барлық жағдай жасалған. Ең бірінші кезекте - бұл күмбез пішіндес биік төбенің есебінен ретке келтірілген керемет акустика. Сонымен қатар, зал қажетті аудиоаппаратурамен қамтылған.
null

null
Бірінші қабаттағы өзге залдардан гөрі Қысқы бақ айтарлықтай қарапайым әрі шағын болып келеді. Бірақ, оның да тартымдылығы ерекше. Қысқы бақта арнайы есік немесе кіретін бөлік жоқ. Олардың рөлін жасыл мәрмәрлі екі баған орындайды. Бақтың өзінің төбесін бұрыштары ішке иілген квадрат формалы төрт бірдей сүттей аппақ бағандар ұстап тұр. Бақтың ортасында декоративті мәрмәрді субұрқақ орналастырылып, оның шет-шетінде шағын орындықтар қойылған. Бұл жерде әдетте бейресми түрде жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.
nullnullnull

Екінші қабатқа сізді екі шеті кең, аппақ мәрмәрдан жасалған, қызыл кілем жайылған баспалдақ апарады. Дәл осы жерде ғимаратта жұмыс істейтін адамдардың кабинеттері мен кеңселері бар. Сондықтан, осы ретте бірден тағы бір қабатқа көтеріліп кетелік.
null

Үшінші қабаттың ең бір назар аударарлық орыны - Шығыс залы. Ол үлкен киіз түрінде ойластырылған. Бұл зал өзгелерден гөрі өзінің қайталанбас дара стилімен және жолға қойылған акустикасымен ерекшеленеді. Табаны қатты кез келген аяқ киіммен жүрсеңіз, әр қадамыңыздың үні күмбезге тіреле қайта оралып, естіліп тұрады. Мұнда есіктер жоқ, алайда мұнда сопақша келген бірнеше кіретін бөліктер бар. Міне, сол себепті Ақордаға келгендер олардың біріне кіріп, екіншісі арқылы сыртқа шығып кете алады. Орындықтардың орнына мұнда шығыс стиліндегі дивандарды көресіз. Бұл залдағы аспалы люстра аса үлкен көрінбеуі де ықтимал, алайда күмбезге орнатылған ондаған шағын лампалар Шығыс залын ерекше жарыққа бөлейді.
nullnullnull

Шығыс залына жақын жерде Мәрмәрлі зал бар. Мәрмәрлі деп аталуының өз себебі де айқын: бұл залдағы материалдардың көбі дәл сол мәрмәрдан жасалған. Тіпті жұмырлау үстелді айнала қойылған орындықтардың өзінің түсі де «мәрмәрлі». Айтпақшы, бұл залдағы қабырғаны мәрмәр ғана емес, қабырғаға ілінген суреттер де көркейтіп тұр.

null

Бұрын жазған залдан гөрі бұл залдың біршама ресми мәртебесі бар. Дәл осы жерде Қазақстан Республикасы Президенті мен өзге де елдердің басшылары, үкімет басшыларының қатысуымен ресми сапарлар мен саммиттер барысындағы құжаттарға қол қою процесі жүргізіледі. Мәрмәрлі залда Қазақстан Республикасының құрметті атағы мен мемлекеттік наградаларын тапсыру, Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шет мемлекеттердің елшілеріне сенім грамоталарын табыстау рәсімдері өткізіліп тұрады.

nullnull
Сонымен қатар, осы ғимараттағы Алтын зал қабырғаларға ілінген үлкен суреттермен мақтана алады. Атауы айтып тұрғандай, бұл жерде барлығы да алтын жалатылғандай түсте. Алтын залдың аумағы Мәрмәрлі залдан қарағанда шағын, себебі бұл жерде Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де елдердің басшыларымен, үкімет басшыларымен шағын ортада келіссөздері жүргізіледі. Алтын залда Мемлекет басшысы шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шет мемлекеттердің елшілерімен кездеседі.

Сонымен бірге үшінші қабатта Қазақстан Республикасы Президенті мен өзге де елдердің басшылары, үкімет басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздеріне, Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен, шетелдік іскерлік ортаның делегацияларымен кездесуіне арналған Доғал зал, Қонақтарға арналған бөлме (мұнда Президент шет мемлекеттердің елшілерін сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін қабылдайды), Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің делегацияларының жоғары деңгейдегі келіссөздерін жүргізуге арналған Кеңейтілген келіссөздер залы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтетін Қауіпсіздің Кеңесінің залы бар.

Ақорданың төртінші қабатының таңбалы орындарының бірі - Мемлекет басшысының жоғары деңгейдегі кеңесі, Қазақстан Президентінің министрліктер мен ведомстволардың, партиялардың, қозғалыстар мен еліміздің шығармашылық интеллигенциясы өкілдерімен кеңесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңестік органының отырысы өтетін Күмбез залы орналасқан. Залдың бұлай аталуы тегін емес - оның пішіні дөңгелек әрі оның төбесі де күмбез пішіндес. Аталған орынның айрықша артықшылықтарының бірі - жасыл түсті мәрмәр бағандар. Қабырғаның тура ортасында Қазақстанның Мемлекеттік рәмізі ілінген. Залға төрт бірдей кіру бөлігі арқылы енуге болады.

Төртінші қабатта сондай-ақ Отырыстар залы, Келіссөздер залы және бірегей кітаптардың коллекциясы бар Президенттік Кітапхана тұр. Отырыстар залы ҚР Президентінің Үкіметпен, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Алматы облысы мен Астана қаласы, өзге де облыстардың әкімдерімен, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен, сонымен қатар республиканың іскер ортасының өкілдерімен кездесуге арналған. Ал Келіссөздер залы ҚР Президент Әкімшілігінің басшыларымен, ҚР Президенті көмекшісінің шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шет мемлекеттер елшілерімен, шетелдік іскер ортаның өкілдерімен кездесу және кеңес өткізу үшін қолданады.

Ақорда жайлы сөз қозғағанда оның биікте орналасқанын айта кету керек. Міне, сондықтан, ол қай жағынан қарасаңыз да, асқақ та айбынды көрінеді. Бұл қазақстандық және еуропалық сәулетшілердің бірлесе ойлап тапқан амалы болатын. Интерьер тұрғысынан академик Қалдыбай Монтахаев өз кеңесін айтқан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясының құрылысы 2001 жылы басталып, Ақорда ресми түрде 2004 жылдың желтоқсанында ашылды.

Ғимараттың жалпы ауданы 36,5 мың шаршы метрді құрайды. Іргетасынан сонау төбесіне дейін - 86 м. Нысанның құрылысына негізінен монолитті бетон қолданылып, ғимаратты тұрғызуда заманның ең озық әдістері мен жетекші инженерлік құрылғылары қолданылған. Ғимараттың басты фасадының алдында гүлмен көмкерілген аллея мен субұрқақ тұр. Бұл - Ақорданың алдыңғы әлпетіне ерекше рең береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT