Еліміздің бас қаласы мен он екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2022 жылғы 10 тамыз 18:18

Еліміздің бас қаласы мен он екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бас қаласы мен бірқатар аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

11 тамыз күні Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

11 тамызда Ақмола облысының солтүстік, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батыс, шығысында күндіз солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз оңтүстікте, шығыста солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік, шығыс және оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Сол күні түнде Павлодар қаласында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күн күркірегенде екпіні 18 м/с дейін жетеді.

11 тамызда Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде солтүстік бөлігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдап, шығысы мен оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні күндіз шығыста, оңтүстік бөлігінде15-20 м/с жетеді. Бұл күні Өскеменде найзағай ойнайды.

11 тамызда күндіз Абай ауданының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, батысы мен оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз батыста, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. 11 тамызда Семейде найзағай жарқылдайды.

11 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында күн 37 градусқа дейін ысиды. Оралда күндіз 36 градус ыстық болады.

11-12 тамызда Атырау облысында күндіз ауаның температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. Атырау қаласында 11-12 тамызда күндіз 38 градус ыстық сақталады.

11 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.

11 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

11 тамызда Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT