Еліміздің бас экологы су мәселесін талқылау үшін Өзбекстанға келді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Ташкентке келді. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Алдағы жоспар - өзбек тарапымен келіссөздер раундын өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылау» деп мәлім етті ведомстводан.

Талқыланатын мәселелердің ішінде су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасының жобалары бар.

Сонымен қатар трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы екі ел арасындағы келісім сөз болады.


Соңғы жаңалықтар