Еліміздің барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда еліміздің барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Пойыздар мен ұшақтар және автобустар күндегідей жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда. Республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қазіргі жағдай мен ондағы қозғалыс қарқындылығы да алдыңғы апталардағыдай қалыпты деңгейде», - деп жазды ведомство өкілі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту мақсатындағы тапсырманы орындау үшін отандық әуе паркі тағы бір «Boeing-737» ұшағымен толыққан. Бұл - SCAT авиакомпаниясының соңғы бір жарым айда алған төртінші әуе кемесі. Сыйымдылығы 189 орындықты құрайтын ұшақ авиакомпания паркіндегі 30-шы ұшақ.

«Жыл соңына дейін Қазақстанның азаматтық авиация флоты тағы 10 әуе бортымен толығады деп жоспарланып отыр», - делінген баспасөз хатшысының жазбасында.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресеймен шекарадағы ахуал бақылауда екенін мәлімдеген болатын.

Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібі заңмен реттелетінін хабарлады.


Фото: facebook.com/zhanzhigit.omarkhan





Соңғы жаңалықтар