Еліміздің автокөлік өндірісі саласы БАҚ-тың қолдауына зәру

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын автокөлік өндірісі саласына қолдау жасауға шақырды.

«Автоөндіріс саласы мәселелері сіздердің араларыңызда үлкен қызығушылық тудырып отырғанына қуаныштымын. Осы орайда сіздерден моральдық қолдау болғанын өтінер едім. «Азия Авто» өз жұмысын бастаған кезде адамдар онда шығарылған көліктермен жүргенше, шетелден жеткізілген ескі көліктермен жүрген дұрыс деген пікірді айтқан еді. Мысалы, осы бағытта 2 миллион ескі көліктерді елімізге алып келдік. Бүгінде отандық өндірісте дәнекерлеу және бояу жұмыстарын жолға қойдық»,-деді ол.

Осы орайда А. Рау автокөлік құрастыратын отандық кәсіпорындарға қолдау жасау керектігін айта келе, «Біздің инвесторлар Қазақстандағы өндіріске өзімізге қарағанда көбірек сенеді. Елімізге «Тойота» компаниясы келіп отыр. Олар көптеген азиялық елдердің ішінен Қазақстанды таңдады. Ал «Тойота» автокөлік құрылысында ең жоғары деңгейлердің бірін ұстап тұрғаны белгілі»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар