Еліміздің әуе компанияларының «қара тізімдегі» жағдайы түзетіледі - министр Ә. Құсайынов

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Қара тізімдегі» еліміздің әуе компанияларының жағдайы түзетіледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтық авиация саласында әуе кемелері паркінің тозуы проблемалары бар. Бірқатар себептер бойынша Қазақстан әуе компаниялары (Еуропалық комиссияның) «қара тізімге» енгізілді»,-деді министр.

Ә. Құсайыновтың сөзіне қарағанда, азаматтық авиация қызметін қадағалауды күшейту үшін Азаматтық авиация комитетінің штаттық саны өсіріліп, тиісті шаралар атқарылуда. «Осы бағыттағы шаралардың бірінші нәтижелері бар. «Қара тізімнен» бір әуе компаниясы шығарылды. Қалған компаниялар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың барысында біз бұл жағдайды түзетеміз»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар