Еліміздің әуе компаниялары Еуропалық комиссияның

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов еліміздің әуе компаниялары Еуропалық комиссияның "қара тізімінен" шығарылуы керектігін тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Авиация саласындағы мәселелерге тоқталған Үкімет басшысы, 2009 жылда еліміздің бірқатар әуе компаниялары Еуропалық комиссияның "қара тізіміне" енгізілгенін, осы орайда бұл бағыттағы кемшіліктер авиацияға көлеңке түсіріп тұрғанын сынға алды.

«Бізде белгілі бір проблемалар болды. Осыған қатысты тиісті шешімдер жасадыңыздар. Сіздердің тараптарыңыздан өтінішке тиісті көмек жасалды. Енді бұл бағыттағы жұмыстарды аяғына дейін жеткізу шарт»,-деді Премьер-Министр.

«Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алайда аяқ астынан авиацияда "қара тізімге" түсіп қалғаны дұрыс емес»,-деп ескеріп өтті К. Мәсімов.

Осыған байланысты Үкімет басшысы Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновқа осы мәселелерді шешу бойынша атқарылатын шараларды қатаң қадағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Еуропалық комиссия «Эйр Астана» компаниясынан басқа қазақстандық бірқатар әуе компанияларының өз елдеріне бағыттарын шектейтін «қара тізімін» жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар