Еліміздің әскери қызметшілері «Жауынгерлік достастық-2021» оқу-жаттығуына қатысуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жауынгерлік достастық-2021» бірлескен оқу-жаттығуы ТМД-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің шешіміне сәйкес жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасө қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ресей Федерациясының аумағында Астрахан облысының «Ашулук» полигонында өтіп жатқан оқу-жаттығуға ТМД-ға мүше бес мемлекеттен 2 000-нан астам әскери қызметші қатысты.

«Жауынгерлік достастық-2021» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі 14-25 қыркүйек аралығында Қазақстанда «Сарышаған» полигонында өтеді. Оған Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінен
1 300-ден астам әскери қызметші және 400-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады. Атап айтқанда, С-300ПС, С-75, С-125, «Куб», «Бук-М2э» зениттік-зымыран кешендері, радиоэлектрондық күрес бөлімшелерінің техникасы, Су-30СМ, Су-27 көпфункционалды жойғыштары, сондай-ақ, С-295 әскери-көлік ұшақтары, Л-39 жаңғыртылған жауынгерлік оқу-жаттығу ұшақтары, Ми-171Ш, ЕС-145 тікұшақтары және ұшқышсыз ұшу аппараттары.

Белсенді фаза барысында ӘШҚҚ жауынгерлік есептоптары зениттік-зымыран кешендерінен іс жүзінде оқ атады. Әскери авиация экипаждары әуедегі және жердегі нысаналарды авиация құралдарын ұрыста қолдану арқылы зақымдай отырып, күндізгі және түнгі ұшуларды пысықтайды.

– Оқу-жаттығу әскери басқару органдарының дайындық деңгейін, жауынгерлік есептоптар мен экипаждардың үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы және әуеде шайқастарды жүргізу тәсілдерін пысықтау мақсатында өткізіледі. Қарулы қақтығыстарда авиация мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін қолдануды ұйымдастыру бойынша түрлі тактикалық эпизодтар көрсетіледі, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Фазылолла Бәденов.


Соңғы жаңалықтар