Еліміздің әр азаматы ұлттық мүддені басшылыққа алуы керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі әрі сыртқы арандату еліміздің тұтастығына жік салмауы керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдегі соңғы оқиғалар ақпараттық тұрғыда біздің қоғамды кейде бағыттан адастырып жататынын көріп жүрміз. Еліміздің әр азаматы жария алаңға кіргенде біздің ұлттық мүддені басшылыққа алуы керек. Сыртқы шиеленістер біздің азаматтар арасында этносаралық алауыздықты тұтату мен күйрету жолын қалыптастыру үшін пайдаланылуына жол берілмеуі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент арандатушылар қайда тұрып жатса да, қай елдің болмасын паспортын ұстап жүрсе де біздің бірлікті бұза алмайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы бейбітшілік пен бірлік құндылықтарынсыз еліміздің болашағы болмайтынын барша азамат есте сақтауы тиіс екенін қадап айтты.

«Қазақстаннан басқа бізде басқа Отан жоқ және болмайды да. Ішкі әрі сыртқы арандатуға бой ұрмау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған дейін ҚР Президенті төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы ашылғанын жаздық.

Мемлекет басшысы Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді әрі ашық рәсімін әзірлеуі керек екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар