Еліміздің алтын-валюта қоры 52 млрд. АҚШ долларына жетті - Елбасы

None
None
А. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Еліміздің алтын-валюта қоры 52 млрд. АҚШ долларына жетті.  Бұл туралы бүгін  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жиын барысында Елбасы дағдарысты еңсеруге ұлттық қордан Қазақстан 14 млрд. АҚШ долларын бөлгенін еске салып өтті. Президент осы бағытта шағын және орта бизнесті қолдауға, үлескерлерге көмек көрсетуге, тұрғын үй құрылысын жүргізуге тиісті қаржы игерілгенін айтты. «Осыған қарамастан біздің алтын-валюта қорымыз өткен жылдың соңында 48 млрд. АҚШ долларын құраса, бүгінде 52 млрд. АҚШ долларына жетті. Яғни, салымдарға қарамастан қор қаржысы өсті», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар