+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 3 желтоқсан 20:55
Бөлісіңіз:
Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Қазақстанның 11 облысында боран соғатыны ескертілді ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді

Түркістан облысында 4 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте 4 желтоқсанда көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 4 желтоқсанда 21.00-ге дейін 2 дәрежелі жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Солтүстік Қазақстан облысында 4 желтоқсанда кей жерлерге тұман түседі.

Петропавлда да тұман болуы мүмкін. Ауа райы болжамының дәлдігі - 90-95 %.

Ақмола облысында 4 желтоқсанда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа райы болжамының жәлдігі - 85-90%.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 4 желтоқсан күні түнде 22°С-қа дейін қатты аяз болуы мүмкін. Жолда көктайғақ сақталады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT