Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2022 жылғы 28 қаңтар 20:19

Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

29 қаңтарда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыс орталығы мен шығысында – көктайғақ, бұрқасын, облыстың солтүстігінде – тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында және шығысында 15-20 м/с. Қызылордада 29 қаңтарда көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. 29 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. 29 қаңтарда түнде Ақтауда көктайғақ күтіледі. 29 қаңтарда оңтүстікте, Қарағанды облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жезқазғанда 29 қаңтарда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 29 қаңтар күні түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда - тұман, күндіз-көктайғақ. Облыстың батысы мен оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда оңтүстік-батыстан соққан жел 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда 30 м/с болады деп күтілуде.

Шымкентте 29 қаңтарда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с, Түркістан облысында 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді, 29 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз 30 м/с жел соғады.


Jańalyqtar

MURAǴAT