+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Екі облыста газдың бағасы арзандамайды - ҰЭМ себебін айтты

2018 жылғы 20 желтоқсан 14:36
Бөлісіңіз:
Екі облыста газдың бағасы арзандамайды - ҰЭМ себебін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы 1 қаңтардан бастап барлық коммуналдық тарифтер төмендейді. Соның ішінде газды жеткізу қызметі де бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, газды тұтынып отырған 11 өңірдің 9-ында тарифтер төмендейді.

Мәселен, Алматы обысында бір текше метр газдың бағасы 31,8 теңгеден 26,2 теңгеге (17,5 процентке) түседі. Ал қаланың өзінде газ 3,5 теңгеге (12 процент) арзандайды. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысында - 0,3 теңгеге (3,3 процентке), Жамбыл облысында - 1,5 теңгеге (6 процентке), ал Шымкент пен Түркістан қалаларында бір текше метр газдың құны 1,8 теңгеге (6 процентке) төмендейді. Осының арқасында тұтынушылар 5 млрд теңгені үнемдеп отырады.

«Атырау мен Қызылорда облыстарында газдың бағасы арзандамайды. Аталған өңірлерде газдың бағасы сол күйінде қалады. Қазіргі кезде Атырау облысында газдың тарифі ең төмен болып саналады. Ал Қызылорда облысында газдандыру бойынша барлық инвестициялық бағдарлама орындалды. Сондықтан тарифті төмендетуге резерв жоқ», - деді С.Жұманғарин Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, келесі жылы жылу тарифтерін төмендетудің нәтижесінде республика бойынша 6 млрд теңге үнемделеді. Бұдан бөлек, суды бұру мен сумен жабдықтау саласында 2 млрд теңге, ал электрэнергия бойынша 14 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік болады. Жалпы, газбен бірге тұтынушылар 27,5 млрд теңгені үнемдей алады.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық тарифтердің төмендеуіне қатысты нақты есепті жариялады. Осы орайдағ вице-министр С.Жұманғарин екі бөлмелі пәтер үшін коммуналдық тарифтердің қалайша өзгеретінін мысалмен көрсетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT