Еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 12 желтоқсан күні Қазақстанның 8 қаласында  метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақтау, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар, Тараз, Орал және Шымкент қалаларында ауаның ластануы күтілмейді.

Ал түнде Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған және Өскемен қалаларында  метеорологиялық жағдай жағымсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы. 

 

Соңғы жаңалықтар